Қазақстан аумағында қырғызстандық азаматтар 603 килә есірткімен ұсталды

         АЛМАТЫ. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Тараз шекара отрядының шекарашылары жарты тоннадан астам есірткі алып өтпек болған шетелдік азаматтарды ұстады,

Қазақстан аумағында  қырғызстандық азаматтар 603 килә есірткімен ұсталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚҚ Шекара қызметіне  сілтеме жасап.

         Шілденің 28-де «Аспара» заставасының маңында шекарашылар қырғызстандық 2 шекара бұзушыны ұстаған. Оларды тексере келгенде марихуана жинаумен айналысып жүрген қырғызстандықтар екені анықталған. Еркек пен әйел азаматтан 603 килә есірткі алынды.Олардың айтуынша, есірткі затын жеке өздері қолдануға жинаған. Қазір оларға қатысты  қылмыстық іс қозғалған.