Қазақстан аумағында сараптамадан өткен діни кітаптардың 150-ге жуығы теріс қорытынды алды

АСТАНА. 6 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағында сараптамадан өткен 4500 мың діни кітаптың 150-ге жуығы теріс қорытынды алды. Ал, соңғы бір ай көлемінде заңсыз діни әдебиеттерді саудаға түсірген 3 дүкенге қатысты әкімшілік хаттама толтырылыпты. Бұл туралы Дін істері жөніндегі агенттігінің мамандары хабарлады.
None
None

Дін істері агенттігінің діни оқу-орындарымен байланыс және дінтану сараптама басқармасының бастығы Айнұр Әбдірәсілқызы осы тұрғыда жиі тексерістер жүргізіліп тұратындығын жеткізді. Дінтану сараптамасы бастығының айтуынша, елімізде діни кітаптарды сатуға рұқсат берілген 212 стационарлық орын белгіленген. Елордада 5 орында сараптамадан өткен діни әдебиеттерді сатып алуға болады.

Ал, сараптама республиканың діни бірлестіктер туралы заңына сәйкес 1 ай көлемінде жүргізіледі. Бұл ретте ең алдымен мазмұнына басты назар аударылады.

«Экстремисттік идеологиялар орын алмаған ба, басқа діндері кемсітетін, өзге дін өкілдерінің ашу-ызасын туғызатын, кері көзқарас туғызатын, алауыздыққа бастайтын идеялар жоқ па деген мәселелер сарапқа салынады»,-деді басқарма бастығы.

Соңғы жаңалықтар