Қазақстан аумағында «Таблиғи Жамағат» халықаралық ұйымының қызметіне тыйым салынды

АСТАНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат - Астана қаласы прокуратурасының арызы бойынша бүгін Сарыарқа аудандық соты «Таблиғи Жамағат» халықаралық ұйымын экстремистік деп танып,

Қазақстан аумағында «Таблиғи Жамағат» халықаралық ұйымының қызметіне тыйым салынды

оның қызметіне Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салу туралы шешім шығарды, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

«Бұл шешімді шығару барысында сот аталмыш ұйым қызметінің экстремистік бағыты туралы қолда бар материалдармен қатар, «Таблиғи Жамағат» халықаралық ұйымы Ресей Федерациясында, Өзбекстан және Тәжікстан Республикаларында сот тәртібімен экстремистік деп танылғандығын және тыйым салынғандығын назарға алды», - делінген хабарламада.