Қазақстан аумағындағы барлық республикалық жолдар ашық
АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан аумағындағы барлық республикалық жолдар ашық. Бұл туралы «Қазақавтжол» РМК баспасөз қызметінен хабарланды.
Айта кетейік, кеше кешқұрым қатты аязға байланысты қауіпсіздік мақсатында Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы жолдарда қоғамдық және жүк көліктері үшін қозғалыс шектелген болатын.
«Атап айтқанда дизельдік отынның қатып қалуы салдарынан аталған облыстардың жолдарында тұрып қалған бірқатар автобустардың жолаушылары мен жүк көліктерінің жүргізушілерін «Қазақавтожол» филиалдарының қызметкерлері қауіпсіз жерге жеткізуге көмек көрсетті. Қазіргі уақытта барлық республикалық жолдарда көлік қозғалысы жанданды»,-делінген баспасөз қызметінің мәліметінде.