Қазақстан аумағының 40 пайызы обаның табиғи ошағы болып табылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының 40 пайызы обаның табиғи ошағы болып табылады. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықов мәлім етті.

Қазақстан аумағының 40 пайызы обаның табиғи ошағы болып табылады

«Ішкі қауіп-қатерлерді де ұмытпаған жөн, мәселен, Қазақстан аумағының 40 пайызы обаның табиғи ошағы болып табылады. Республика аумағында сібір жарасының және өзге де қауіпті індеттердің 2 мыңнан астам ошағы бар. Осы орайда, агенттіктің басты мақсаты - халық арасында инфекциялық дерттердің жоғарылауын алдын алу және болдырмау», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта аймақтар бойынша санитарлық-эпидемиялогиялық болжау картасы жасалуда.