Қазақстан аумағының басым бөлігінде 8 сәуірде жауын-шашынды ауа райы сақталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінеде атмосферпалық ағындардың өтуімен жауын-шашынды ауа райы сақталады, , елдіәң батысында ғана күн ашық болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейеді, оңтүстік - шығысында найзағай ойнайды, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қызылорда, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі күтіледі.
7-11 сәуір аралығында Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында су тасқыны мен су басу қаупі сақталады.