Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады - 9 қазандағы ауа райы болжамы

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлады.
None
None

Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында және шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады, жел күшейеді, жекелеген аудандарда түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейеді деп күтілуде, Қостанай облысының жекелеген аудандарында көктайғақ болады, ал Ақтөбе облысында түнде және таңертең кейбір аймақтарда тұман түсуі ықтимал.

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысының кей жерлерінде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстігі және оңтүстік-шығысының таулы өзендерінде су деңгейі тұрақсыз болады, Батыс Алтайдың жекелеген өзендерінде жаңбыр жаууына байланысты су деңгейінің көтерілуі байқалады.

Соңғы жаңалықтар