Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады

АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде бұрынғыша ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, соның әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жаууы күтіледі, бұршақ жаууы, ұйтқыған жел тұруы мүмкін.
None
None

Республиканың батысы мен оңтүстік-батысында ғана күн райы ашық болады.

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 метр/секундқа дейін күшейеді. Қостанай, күндіз Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің күші 15-22 м/с-қа жетеді, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және күндіз Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, кей жерлерде Маңғыстау облысында аптап ыстық күтіледі.

Республиканың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталдады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум