Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болуы, желдің күшеюі, тұман түсіп, көктайғақ болуы сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальдық ағындардың өтуімен кей жерлерде бұрынғыша жауын-шашын болуы, желдің күшеюі, тұман түсіп, көктайғақ болуы сақталады, республиканың оңтүстігінде ғана күн райы ашық болады, деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитеті «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болуы, желдің күшеюі, тұман түсіп, көктайғақ болуы сақталады

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Алматы, Жамбыл, Атырау, түнде Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі.

Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с.

Павлодар облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.