Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон ықпал етеді - 27 сәуірдегі ауа райы болжамы

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - 27 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындар ықпал етеді, соның әсерінен ауа райының тұрақсыздығы күтілуде - жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсерлетуі, желдің күшеюі, кейбір жерлерде найзағай ойнап, тұман түсуі мүмкін, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап.
None
None

Маңғыстау, Қарағанды, Павлодар, күндіз Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында желдің 15-20 м/с-ке дейін күшеюі күтілуде.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, желдің екпіні 15-23 м/с-ке дейін күшейеді.

Атырау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады, желдің күші 17-22 м/с.

Алматы облысында кей жерлерде найзағай ойнап, түнде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, күндіз желдің екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді.

Ақтөбе облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз желдің екпіні 18 м/с шамасында болады.

Қостанай облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с болады, түнде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсуі күтіледі, желдің екпіні - 15-20 м/с.

Таяудағы тәуліктерде ауа температурасының күрт көтеріліп, қардың шұғыл еруіне және жаңбырға байланысты Шығыс Қазақстан облысының көптеген өзендерінде (Бұқтарма, Обь, Үлбі, Ақөзен, т.б.) су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі, өзендер кемерінен асып, су жайылуы және кейбір жерлерді басуы мүмкін.

Павлодар облысы шегінде Ертіс өзенінде Шүлбі су қоймасынан судың мол келуінен өзен деңгейі көтерілуі жалғасады.

Республиканың оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы тау беткейіндегі өзендерде су деңгейі ұлғаюы, кейбір өзендерде тасқын болуы мүмкін.

Жайық өзенінде, СҚО шегінде Есіл өзенінде тасқынның өрістеуі жалғасады.

Соңғы жаңалықтар