Қазақстан ауыр атлеттерi 2016 жылғы Олимпиада ойындарына берiлетiн жолдамалардың толық жиынтығын жеңiп алмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ауыр атлеттерi 2016 жылғы Олимпиада ойындарына берiлетiн жолдамалардың толық жиынтығын жеңiп алуды жоспарлауда. Бұл туралы ҚазАқпарат тiлшiсiне берген сұхбатында ҚР Ауыр атлетика федерациясының президентi Жанат Түсiпбеков мәлiм еттi.
«Биылғы жыл отандық атлеттер үшiн 2016 жылы өтетiн Рио-де-Жанейро Олимпиадасына дайындық тұрғысында шешушi жыл болады деп есептеймiн. Негiзiг турнир - қараша айында Хьюстонда (АҚШ) өтетiн ауыр атлетикадан әлем чемпионаты. АҚШ-та бiз Бразилияда болатын Олимпиада ойындарына берiлетiн жолдамалардың толық жиынтығын - 6 ер және 4 қыздар жолдамасын жеңiп алуды жоспарлаудамыз», - деп атап өттi ол.
Оның айтуынша, бұның алдында өткен барлық Олимпиадаларда бiздiң құрама мұндай жетiстiкке жетiп көрген емес. Жанат Түсiпбековтің атап көрсеткенiндей, жолдамалардың толық жиынтығын алу арқылы Олимпиададағы медальдарға деген үмiт молая түспек.