Қазақстан авиаторлары Халықаралық азаматтық авиация күнін атап өтті

None
None
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат. 7 желтоқсанда ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде министр Берік Камалиевтің қатысуымен Халықаралық азаматтық авиация күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті,

деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Министр Б.Камалиев азаматтық авиация комитетінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, бірқатар қызметкерлерге министрліктің құрмет грамоталарын тапсырды. Өзінің құттықтау сөзінде ол жоғары технологиялы азаматтық авиацияны дамытудың экономиканың тұрақтылығы және еліміздің гүлденуі үшін өте маңызды екенін атап өтті. Қазіргі таңдағы басты міндеттердің қатарында - ұшу қауіпсіздігі деңгейін көтеру және Еуроаймаққа ұшуға салынған шектеулерді жою.

Анықтамалық: Халықаралық азаматтық авиация күнін БҰҰ Бас Ассамблеясы ресми мереке деп жариялап, Халықаралық азаматтық авиация жөніндегі Конвенцияның қол қойылғанына 50 жыл толуына орай 1994 жылғы 7 желтоқсаннан бастап атап өтіле бастады. Осы конвенцияға сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы мекемесі Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) құрылған болатын.

Соңғы жаңалықтар