Қазақстан Австриядан басқа елдерден ірі қара малды әкелу жұмыстарын жалғастыра бермек

АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Австрия Қазақстанға ірі қара малға тиісті ветеринарлық сараптама жасамай жөнелткенін мойындады.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне мәлім етті.

«Малды әкелмес бұрын сол елдің ветеринарлық қызметі арнайы сертификат берген. Бірақ, ол жүмысты тексере келе, ветеринарлық сертификат беру кезінде тиісті сараптамалар жасалмай, қол қойылғандығы анықталды. Оны Австрияның ветеринарлық қызметі мойындап отыр», - деді министр.

А. Мамытбековтың атап өтуінше, соңғы 2 жылдың ішінде елімізге 35 мыңға жуық ірі қара мал әкелінді. Ал, мұндай үлкен проблема алғаш рет орын алуда. Дегенмен, Қазақстан шетелден ірі қара мал әкелу жұмыстарын одан әрі жалғастыра беретін болады. Бірақ, Австриядан мал әкелуге шектеу қойылды.

Соңғы жаңалықтар