18:00, 13 Тамыз 2010 | GMT +5
Қазақстан авторыногында көлік сатуда «Лада» алдыңғы қатарда тұр
АСТАНА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат - 2010 жылғы шілдеде Қазақстанның ресми автодилері 1826 жеңіл және жеңіл коммерциялық көлік сатты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,8% артық. Ал, маусымның көрсеткішімен салыстырғанда 6% жоғары. Бұл жөнінде «Qncepto» консалтингтік компания хабарлайды.

Жыл басынан бергі уақытта Қазақстан авторыногында шілде нағыз нәтижелі ай болды.
«Lada» тағы да сатудың берік көшбасшысы атанды. Ресейде және Қазақстанда жасалған көліктердің сатылуы шілде айында 360 данаға жетті.
2010 жылдың мамырынан бастап екінші орынды Тойота иеленіп келеді. Өткен айда аталмыш көліктің екі жүз он бес данасы сатылды. Үшінші орында Қазақстанда 194 сатып алушысы табылған UZ-Daewoo көлігі тұр.