Қазақстан автожолдарында бес күнде 1273 адам эвакуацияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1-5 қаңтар аралығында Қазақстан автожолдарында 1270-тен астам адам эвакуацияланды.«2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, қазіргі уақытқа дейін республика жолдарында 639 адам құтқарылып, 1273 адам эвакуацияланды», делінген хабарламада.
None
None

Сағат 10:30-дағы жағдай бойынша, Ақтөбе облысында Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз (Ембі қаласынан Шалқар қаласына дейін 92-257 шақырым) республикалық маңызы бар жол учаскелерінде қозғалыс шектелді.

Аталған учаскелерде 10 жылыту пункттері құрылып, тамақтандыру ұйымдастырылды. 11 техника қар құрсауында қалды, төтенше жағдайды жою үшін 86 адам, 49 бірлік техника жұмылдырылды. Хромтау, Қарғалы аудандарында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режімі сақталып отыр.
«Қызылорда-Павлодар» республикалық маңызы бар жол учаскесінде (12-424 шақырым, Қызылорда қаласынан Жезқазған қаласына дейін) қозғалыс шектелді. Қарағанды облысында 250-255 шақырым бөлігінде жауын жаууына байланысты жол жамылғысы нашарлады. 15 техника батып қалды. 2 жылыту орны құрылды.

Соңғы жаңалықтар