Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан әйелдер командасы Азия чемпионатында тағы екі қола еншіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін күрес түрлерінен Азия чемпионатында әйелдер арасындағы бәсеке аяқталды. Қазақстан командасы тағы да екі қола жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан әйелдер командасы Азия чемпионатында тағы екі қола еншіледі

65 келіде белдескен Айна Теміртасова мен 72 келідегі Жәмила Бақбергенова құрлық чемпионатының қоласын еншіледі. Ал осыған дейін Валентина Исламова мен Марина Седнева тұғырдың үшінші сатысынан көрінген еді.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатынан төрт қола медаль олжалады.