04:25, 12 Қазан 2012 | GMT +5
Қазақстан әйелдері - қазіргі әлемдегі рухани келісім мен мәдениетті жақтайды - дөңгелек үстел
АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін «Астанада «Қазақстан әйелдері қазіргі әлемдегі рухани келісім мен мәдениет» үшін» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шара Бүкіләлемдік Рухани келісім конгресінің 20 жылдығына орайластырылып отыр. Ал 17-18 қазан күндері Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында осы атаулы күнге арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Дөңгелек үстелге ҮЕҰ, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, қоғам қайраткерлері, мәденеит және кәсіподақ қызметкерлері, ғалымдар қатысып, бүкіл қазақстандықтарды Рухани келісім күнін өткізуге белсене қатысуға шақырады, осы тақырып аясында өз пікірлерімен бөліседі.