Қазақстан әйелдерінің 50%-тен астамы мемлекеттік органдарда жұмыс істейді

Айта кетейік, Астанада «Ауғанстандағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» өңірлік конференциясы өтіп жатыр. Орталық Азия өңірінде алғаш рет ұйымдастырылған бұл шараға Ауғанстан, Армения, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Еуропалық Одақ, Қытай, Ресей, Үндістан, АҚШ мемлекеттерінен және БҰҰ-дан жоғары деңгейдегі делегация өкілдері келді.
«Аймақтық ынтымақтастық аясында, біріншіден, халықаралық бизнесті тарту арқылы әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың кешенді бағдарламасын талқылауды және қабылдауды ұсынамын. Сонымен бірге, конференцияға жоғары деңгейдегі делегациялардың келгенін ескере отырып, Орталық Азия мен Ауғанстандағы белсенді әйелдер тобын құру ұсынылады», - деді Гүлшара Әбдіқалықова конференцияда.
Мемлекеттік хатшы гендерлік теңдік мәселелері мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудің тұрақты дамудың маңызды аспектілері екенін атап өтті.
Қазақстанда да бұл тақырып мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып табылады. Мәселен, қазіргі уақытта Қазақстан әйелдерінің 50%-тен астамы мемлекеттік органдарда жұмыс істейді. Ал Парламент Мәжілісіндегі әйелдер үлесі 27% құрайды. Олардың саяси партиялардағы өкілдігі 33%-тен 57%-ке дейін жетеді. Республикада көшбасшылар мектебінің желісі және әйел саясаткерлер клубы бар.
Одан бөлек, Қазақстанда шағын және орта бизнестің 44% -тін әйелдер басқарады, олар аталған сектордағы барлық жұмыс орындарының 1/3 бөлігін құрайды.