Қазақстан азаматшасы екі баласымен бірге Сириядан аман-есен көшірілді

ӘБУ-ДАБИ. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстанның Иордания мен Сириядағы Елшілігі қазақстандық азаматтарды шиеленіс аймағынан қауіпсіз жерге көшіру бойынша жұмысты жалғастыруда.
None
None

9 наурыз күні таңертең Астанаға ҚР азаматшасы Марина Бардеева екі баласымен (Сюзан Халед 1999 ж, Язан Халед 2009 ж.) бірге аман-есен оралды. Бұған дейін қазақстандық азаматша сириялық Ракка провинциясынан сирия-түрік шекара учаскесі арқылы қауіпсіз жерге көшірілген еді. Одан әрі қазақстандық дипломаттар отандасын «Урфа-Ыстамбұл-Киев-Астана» әуебағдарымен елге аттандырды.

Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігі М.Бардееваның 2012 жылы отбасымен тұрған Ракка провинциясындағы жағдай тұрақталады деген үмітпен Қазақстаннан Сирияға қайтып оралғанын хабарлайды. Алайда ағымдағы жылдың наурызында Сирияның солтүстік-шығысындағы жағдай күрт шиеленісті, осыған байланысты М.Бардеева Қазақстанның дипломатиялық өкілдігінен көмектесуді сұрады.

Шиеленіс аймағында қазақстандық азаматтар әлі де бар. ҚР-дың Иордания, Түркиядағы Елшілігі оларға көмек көрсету бағытындағы тиісті іс-шараларды атқаруда.

Соңғы жаңалықтар