10:03, 16 Шілде 2015 | GMT +5
Қазақстан азаматтары Грузия аумағында бір жыл визасыз болу құқығына ие болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузия Үкіметінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 255 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары 8 маусымнан бастап Грузия аумағында бір жыл визасыз болу құқығына ие болды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Черногория Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірде күшіне енген шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары 2015 жылдың 15 сәуір - 31 қазан аралығында Черногория аумағына 30 тәулікке дейін визасыз кіріп-шыға алады.