Қазақстан азаматтары Конституциялық сотқа қалай жүгіне алады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ел азаматтарының ҚР Конституциялық сотына өтініш жасауына арналған жадынама жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конституциялық сот азаматтардың өтініштері бойынша Конституцияда бекітілген олардң құқықтары мен бостандықтары тікелей қарастырылатын Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық атілерінің еліміздің Конституциясына сәйкестігін қарастырады.

Өтініш «Қазақстан Республикасының соты туралы» Конституциялық заңның 44-бабының талаптарына сәйкес рәсімделуі тиіс. Өтініштер жазбаша және (немесе) электрондық нысанда қазақ не орыс тілдерінде беріледі.

Егер өтінішті оның атынан уәкілетті адамдар берсе, азаматтың жазбаша келісімі (нотариалды куәландырылған сенімхат) қажет.

Азаматтардың өтініштерін қарау кезінде зваңды өкілдер, адвокаттар, заң консультанттары палатасының мүшелері саналатын заң консультанттары, сондай-ақ заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдардың мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін, басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті тұлғалары өкілдер бола алады.

Азаматтардың Конституциялық сотқа жүгінуінің жалпы шарттары да айқындалған. Атап айтқанда, нормативтік-құқықтық акті Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген азаматтардң құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты болуы керек. Даулы заң немесе өзге де нормативтік-құқықтық акті сотта қаралы тиіс немесе азаматтың қатысуымен болған нақты істегі құқықтары мен бостандықтарына тікелей қарастыруы қажет. Іс бойынша заңды күшіне енген сот актісі (шешімі) шығарылуы тиіс. Өтініш Коституциялық сотқа сот актісі (шешімі) қабылданғаннан кейін бір жылдан кешіктірілмейтін мерзімде берілуі керек.


Соңғы жаңалықтар
telegram