Қазақстан азаматтары сайлау тізімдерінен өздерінің мәліметтерін нақтылауда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан азаматтары сайлау тізімдерінен өздерінің мәліметтерін нақтылап тексеруде. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте ТМД байқаушылары миссиясы штабының мүшесі Евгений Козяк айтты.
«Миссиямыз жасақталып болды. Қазіргі уақытта біздің миссияның құрамында 293 байқаушы аккредиттелді», - деді ол.
Е.Козяктың атап өтуінше, бүгінгі күні ұзақмерзімді байқаушылар Қазақстанға келуде.
«Кеше біздің штабымызға ұзақмерзімді байқаушылар келді. Ертең тағы бір топ Алматыға жетеді. Жалпы, біз Қазақстанда 300-ден астам байқаушымыз аккредиттеледі деп жоспарлаудамыз. Сайлау күні олар республиканың барлық өңірлеріне барады», - деді шетелдік байқаушы.
Сонымен қатар ол Қазақстанның бірқатар қаласында және жергілікті жерлерде болып, сайлау учаскелерінің жұмысымен танысқандығын атап өтті.
«Меніңше, учаскелік комиссиялар өз істерінің шеберлері. Олар барлық қажетті техникамен жабдықталған. Сайлаушылардың тізімдерін нақтылау жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Сайлаушылар тізімнен өздерінің мәліметтерін нақтылауда», - деді Е.Козяк.