Қазақстан азаматтарына көліктерді жеңілдетілген тәртіппен әкелуге рұқсат беретін құжат дайындалуда - Ж.Айтжанова

Оған сәйкес, алдағы жылдың шілде айының 1-іне дейін импорттық кедендік баждарды және 3 жылдан 10 жылға дейінгі аралықта пайдаланылған двигатель көлемінің 1 текше сантиметріне 0,35-тен 0,6 еуро көлемінде қосымша құн салығын төлеу арқылы жеңілдетілген тәртіппен жеңіл көліктерді тасымалдауға рұқсат етіледі», деді бүгін Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова аталмыш мәселеге байланысты журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, аталмыш норма 1 жылға енгізіліп отыр және бұл жеңілдіктерді пайдаланатын Қазақстан азаматтарына өздерінің көліктерін Ресей Федерациясының аймағына жеткізу үшін жалпыға бірдей кедендік салықтарды төлеу қажет болады. «Яғни аталмыш норма тек жекелеген азаматтар үшін енгізіліп отыр. Ал көлік саудасымен айналысатын компаниялар бұл мүмкіндікті пайдалана алмайды», деді министр.