Қазақстан азаматтарының 71,78 пайызы дауыс берді - ҚР ОСК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сағат 16-00-дегі жағдай бойынша Қазақстан азаматтарының 71,78 пайызы дауыс берді. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев мәлім етті.

Қазақстан азаматтарының  71,78 пайызы дауыс берді - ҚР ОСК

«Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес 2016 жылғы 20 наурыз күнгі сағат 16-00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 71,78 пайызы сайлау бюллетендерін алды», - деді ол.

М.Сәрсембаевтың деректеріне сәйкес, оның ішінде Алматы облысы бойынша - 89,88, Ақмола облысы бойынша - 76,11, Ақтөбе облысы бойынша - 72,17, Атырау облысы бойынша - 80,41, Батыс Қазақстан облысы бойынша - 68,52, Жамбыл облысы бойынша - 76,28, Қарағанды облысы бойынша - 70,91, Қостанай облысы бойынша - 78,23, Қызылорда облысы бойынша - 77,53, Маңғыстау облысы бойынша - 69,6, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша - 80,92, Павлодар облысы бойынша - 68,76, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 76,41, Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 77,13, Астана қаласы бойынша - 69,83, ал Алматы қаласы бойынша 29,12 пайызы дауыс берген.

«Естеріңізге сала кетейін, дауыс беру барлығы 9840 сайлау учаскесінде жүргізілуде», - деді ҚР ОСК хатшысы.