14:09, 13 Қараша 2013 | GMT +5
Қазақстан азаматтарының Канадаға сапарлауын жеңілдету мәселесі қаралады - ҚР СІМ
АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан азаматтарының Канадаға сапарлауын жеңілдету мәселесі қаралады. Бұл туралы бүгін Астанада Канада Сыртқы істер министрі Джон Бэрдпен кездескеннен кейінгі брифингте ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті.

«Кездесу барысында екі ел азаматтары арасындағы байланыстарды жеңілдету мәселесін көтердік. Біз канадалық тарапқа Қазақстан азаматтарын Канадаға сапарын жеңілдету жағдайын қарастыруды айттық»,-деді Е. Ыдырысов. Өз кезегінде Дж. Бэрд екі ел азаматтарының сапарлауын жеңілдету мәселесін көтергені үшін Қазақстан Президенті мен ҚР Сыртқы істер министрлігіне алғысын білдірді. «Мен елге барған бойда осы мәселені жұмыстың күн тәртібіне қоямын. Әрине, біз түрлі сапаларды, оның ішінде бизнес, білім беру қарым-қатынастарын жақсартуға мүдделіміз»,-деді канадалық министр.