Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан азаматтығын алған оралмандар туу туралы куәліктерін қалпына келтіре алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тарихи отанына қайта оралған Қытай Халық Республикасының бұрынғы азаматтарының аты-жөндері құжаттарда қысқаша жазылған. Себебі ҚХР ұлттық заңнамасына сәйкес есімдер үш иероглифтен ғана тұруы тиіс. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының Әділет департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан азаматтығын алған оралмандар туу туралы куәліктерін қалпына келтіре алады

Бұл мәселе былтырғы жылдан бері шешімін тапты. Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін оралман өзінің тұрғылықты тұратын жеріндегі азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне жүгінеді. Барлық қажетті құжаттарды АХАТ органына тапсырғаннан кейін акті жазбаларын Қазақстанда қайта қалпына келтіреді, онда оралманның аты, әкесінің аты, тегі жазылады. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 184-бабының, 3-тармағына сәйкес, 2013 жылы Есіл аудандық Әділет басқармасының АХАТ бөлімімен 17 оралманның туу туралы куәлігі қайта қалпына келтірілді.