13:09, 06 Мамыр 2013 | GMT +5
Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер саны жыл сайын артып келеді - Мемлекеттік хатшы
АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

Комиссия отырысын ашып сөз сөйлеген Мемлекеттік хатшы азаматтық алушылар есебінен біздің отандастарымыздың саны да артып келе жатқанына тоқталды. «Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді. Бүгінгі күнгі отырыста біз Қазақстан азаматтығын алуға өтініш тапсырған 238 адамның құжаттарын қарайтын боламыз. Бұдан соң, оны Елбасының қол қоюына ұсынамыз. Жалпы азаматтыққа өтініш білдірушілер қатарында шет ел мемлекеттерінде өмір сүріп жатқан этникалық қандастарымызбен қатар, басқа да ұлт өкілдері баршылық», - деді М. Тәжин. Бұдан бөлек, комиссия отырысында Қазақстан азаматтығынан шығу мәселелері де қаралатын болады.