Қазақстан азаматы АҚШ өкілдеріне «Ислам мемлекеті» ұйымына қолдау көрсеткенін мойындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан азаматы Ахрор Саидахметов «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына қолдау көрсету мақсатында ұйымдасу әрекетіне қатыстылығы үшін өзін кінәлі деп айыптады. Бұл туралы АҚШ-тың Әділет министрлігінің баспасөз баянында жария етілген, деп хабарлайды Риа Новости.

Қазақстан азаматы АҚШ өкілдеріне «Ислам мемлекеті» ұйымына қолдау көрсеткенін мойындады

Саидахметов (21 жаста) Нью-Йоркте өмір сүрген. Оны арнайы қызмет өкілдеріне қолдау көрсеткеніне қарамастан кемінде 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

АҚШ прокуроры Роберт Кейперс айып тағылып отырған азаматтың Сирияға барып, «Ислам мемлекеті» ұйымы жағында соғысуға ұмтылғандығын немесе АҚШ аймағында террористік акт ұйымдастырмақ болғандығын мәлім етті.

Айыпаушы құжаттарға қарағанда, 2014-2015 жылдары Саидахметов пен оның сыбайласы, Өзбекстан азаматы Абдурасул Журабоев бірлесіп, Сирияға аттанбақ болған. Олар сәтті түссе автомат сатып алып, полиция қызметкерлерін жайратып салмақ болған. 2015 жылы Саидахметов Нью-Йорктегі Кеннеди әуежайында қолға түсті. Ол Түркияға ұшатын ұшаққа отырмақ болған кезінде құрықталды. Осы іс бойынша тағы бір азаматтың ісі қаралуда. Ол өзбекстандық Аброр Хабибов. Оған террористерге қолдау көрсету үшін қаржы жинады деген айып тағылып отыр.