Қазақстан азаматы АҚШ-та қару-жарақ контрабандасы күдігіне ілінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан азаматы АҚШ-та қару-жарақ контрабандасы күдігіне ілінді. ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, ҚР Сыртқы істер министрлігі АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігінен болжамға сәйкес 1990 жылы дүниеге келген Қазақстан азаматы мен оның сыбайласы Қырғызстан азаматының ұсталғаны туралы ақпарат алған. Оларға заңсыз халықаралық сауда жасау, Ресейге қару-жарақты контрабандалау, банктің алаяқтық сынды айыптар тағылып отыр. АҚШ Прокуратурасының, Әділет министрлігі экспорттық бақылау қызметінің және басқа да ведомстоларының хабарына сәйкес, күдіктілер Шешенстанға лицензиясыз жіберу мақсатына Вирджиния штатының бірқатар қаласынының қару-жарақ сатушыларынан 100-ден астам қару сатып алған. Олардың ішінде Глок тапаншасы мен АК-47 автоматы бар
«Күдіктілерге 20 жылға бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр. Қазіргі уақытта АҚШ-тағы қазақстандық дипломаттар Эльдар Резвановтың федералды адвокатымен үнемі байланысқа шығып, АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігінің қызметкерлерімен тығыз жұмыс істеуде, ұсталу мән-жайын анықтауда. Таяу күндері Қазақстан консулы Вирджиния Штаты Александрия қаласының уақытша ұстау абақтысындағы ұсталған азаматқа барады. Біз сонымен қатар ұсталған адамның азаматтығын анықтау бағытында да жұмыс жасап жатырмыз», - деді Әнуар Жайнақов.