Қазақстан азаматы Қырғызстанға ірі көлемде ресімделмеген валюта алып өтпек болды - ҚР ҰҚК
АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат -30 мамырда «Меркі» жеке бақылау-өткізу бекетінің «Сыпатай авто» шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылары Қырғызстанға бара жатқан ҚР азаматын ұстады.
Тексеру барысында одан ресми мәлімделмеген 20 мың АҚШ доллары табылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Осы факт бойынша тексеру жүріп жатыр.