Қазақстан азаматы Ливияға ұшақ айдап әкетуге әрекет жасаған

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан азаматы, пышақпен қорқытып, Ливияға жолаушылар ұшағын айдап әкетпек болды,
None
None

деп хабарлады РБК агенттігі.

Alitalia компаниясы өкілдерінің хабарлауынша, Париж-Рим бағытындағы лайнерінде белгісіз біреу адамдарды пышақпен қорқытып, ұшақты Ливия елордасы - Триполиге бұруды талап еткен, деп хабарлайды ВВС телекомпаниясы.

Компания өкілдерінің айтуынша, борт экипажы әлгі қарақшыны өздері қарусыздандырып, аяқ-қолын матаған, бір борт жолсерігі кішігірім жарақат алған.

Күдікті ұшақ жерге қонғаннан кейін Рим полициясының қолына ұстап берілді. Куәгерлердің айтуынша, «әлгі азамат өз әрекетіне өзі жауап бере алмайтын жағдайда болған».

Кейіннен анықталғандай, әлгі Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы өкілі болып шыққан. Италия полициясының өкілдері оның 48 жастағы Валерий Толмачев екенін хабарлап отыр. Оқиға бойынша тексеру жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар
Референдум