Қазақстан азаматы Ресейден үш Калашников автоматын алып өтуге әрекеттенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шекарашылар Ресейден Қазақстанға  қару мен оқ-дәрілер алып өту әрекетінің жолын кесті.

 Қазақстан азаматы Ресейден үш Калашников автоматын алып өтуге әрекеттенді

«Семей» бақылау-өткізу бекетінің «Убе авто» өткізу пунктінің жасағы қару-жарақ пен оқ-дәрілерді  алып жүру құжаттарынсыз өткізбек болған 29 жастағы Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ұсталған азамат Ресейден Қазақстанға «Тойота» автокөлігімен өтпек болды. Автомобильді тексеру барысында жүк бөлігінен үш дана «АК-74» автоматы және 49 жарық-дыбыстық патрондар табылды.

Ұстау фактісі жөнінде Шемонаиха ауданының ІІБ өкілдеріне хабарланды.