Қазақстан азаматы Ресейге 5 тонна темекіні заңсыз өткізбек болған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасында орналасқан «Қарақоға» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды шекаралық тексеру барысында 1983 жылы туылған қазақстандық азаматты ұстауға мәжбүр болды.
Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Оның елімізден алып өтуге тырысқан 5 тонна «Fast» атты темекі өнімдері заңсыз болып шықты.
Аталған дерек бойынша материалдар Солтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік кіріс департаментіне берілді.