14:18, 05 Маусым 2022 | GMT +5
Қазақстан азаматы ретінде референдумға келдім – Алтынбек Қоразбаев
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанның халық әртісі, композитор, әнші, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Алтынбек Қоразбаев Алматыдағы №211 референдум учаскесіне дауыс беруге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін өзін «мен Қазақстан Республикасының азаматымын» деп санайтын азаматтар референдум учаскесіне келіп, дауыс беріп жатыр. Бұл анау-мынау емес, ата заңымыздың баптарын өзгертуі мүмкін республикалық маңызды референдум. Сондықтан, Қазақстан азаматы ретінде мен осы референдумға келіп тұрмын», - деді халық әртісі.