Қазақстан азаматы Шарджадағы қонақүйлердің бірінде қазаға ұшырады

ӘБУ-ДАБИ. 10 сәуір. ҚазАқпарат - БАӘ Шарджа әмірлігінің полициясы осы аймақтың Әл-Хан ауданында Қазақстан Республикасының азаматы қайтыс болғаны туралы хабарлады.

Қазақстан азаматы Шарджадағы қонақүйлердің бірінде қазаға ұшырады

Әмірліктің «Нэшинл» газетінің мәліметіне қарағанда 56 жастағы қазақстандық Алексей К. Шарджаға отбасымен туристік демалысқа келген және осындағы қонақүйлердің біріне тоқтаған. Сейсенбі күні түс кезінде Буахийр учаскесінің полицейлері қонақүйге шақыру бойынша келді және оның қайтыс болғанын анықтады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қаақстандық қонақүй бассейніне суға кеткен. Полиция тиісті тергеу амалдарын жүргізуде.