Қазақстан азаматы шекарада героинмен ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 маусымда «Жасылтөбе» шекара заставасының шекарашылары героин алып өтпек болған Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
None
None

Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы «Жасылтөбе» шекара заставасының шекарашылары жергілікті ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлесе отырып, Қазақстан азаматын ұстады.  Одан тексеру кезінде салмағы 3 грамнан астам есірткілік зат - героин табылды.

Аталған дерекке қатысты материалдар Қордай аудандық ішкі істер органдарына берілді.   

Соңғы жаңалықтар