Қазақстан азаматының Тбилисиде көз жұмуы: Күдікті 10 жылға сотталуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Грузия прокуратурасы қазақстандық бойжеткен қызды зорлау және өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу ісі бойынша айыптау шығарды. Бұл туралы Грузия прокуратурасының сайтында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан азаматының Тбилисиде көз жұмуы: Күдікті 10 жылға сотталуы мүмкін

Хабарламада «күдікті қызды зорлап, артынан өлтіремін деп қорқытқан» делінген. Ауыр күйзеліске түскен азаматша өз-өзіне қол жұмсаған.

Күдікті 6 мамырда ұсталды.

Сонымен қатар, хабарламада күдіктінің кәнісі дәлелденген жағдайда оны 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін екендігі көрсетілген.

Еске сала кетейік, 5 мамырда Тбилисидегі үйлердің бірінің терезесінің түбінен Қазақстан азаматының денесі табылған.

Бұдан бұрын ҚР Сыртқы істер министрлігі Грузияның құқық қорғау органдарына сілтеме жасап грузиялық полиция өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлаған.

Қыз 9-қабаттан құлау нәтижесінде қайтыс болғаны хабарланған.