Қазақстан-Әзербайжан матчынан кейін қосымша автобустар шығарылады - әкімдік

«Матч аяқталғаннан кейін қосымша бағыттар күшейтіледі. Сондай-ақ, «Астана Арена» тұрағында және Қабанбай батыр даңғылындағы автобус аялдамаларында жанкүйерлерді тарату үшін автобустар ұйымдастырылады. Жолақы 90 тг тарифі бойынша қолма-қол ақшасыз жасалады», - делінген әкімдік хабарламасында.
Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа бас бапкер Магомед Адиевтің басшылығымен УЕФА Ұлттар Лигасының 2022/23 жылғы жаңа маусымын бастайды. Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандықтар Словакия, Әзербайжан және Беларусь командаларымен 3 «С» дивизионында күш сынасады.
3 маусымда Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен ойнайды. Ойын елорда уақытымен 20:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді. Тікелей көрсетілімді «QAZSPORT» телеарнасынан, qazsporttv сайтынан және Qazaqstan.tv мобильді қосымшасынан көруге болады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, футболдан Ұлттар лигасына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталған болатын.