Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан мен Украина боксшылары шаршы алаңда шайқасады

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - 14 ақпан күні елордада Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан және Украина боксшылары арасында жолдастық кездесу басталады.
None
None

Соған орай ертең Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановтың, Әзербайжан құрамасының аға жаттықтырушысы Владимир Золотаревтің, Өзбекстан құрамасының бас жаттықтырушысы Марс Кучкаровтің және Украина құрамасының бас жаттықтырушысы Дмитрий Сосновскийдің қатысумен баспасөз мәслихаты өтеді.

Айта кетейік, 4 елдің былғары қолғап шеберлері бас қосатын бұл турнир осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Бірінші жолдастық кездесу 2010 жылы Астанада өткен еді.

Шаршы алаңдағы жекпе-жектер кестесі

14 ақпан
14:00 Украина - Өзбекстан
17:00 Әзербайжан - Қазақстан

15 ақпан
14:00 Украина - Әзербайжан
17:00 Өзбекстан - Қазақстан

16 ақпан
демалыс күні

17 ақпан
14:00 Өзбекстан - Әзербайжан
17:00 Украина - Қазақстан

Соңғы жаңалықтар