Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан алғаш рет бірлескен әскери жаттығу өткізді
Қазақстандық әскери қызметшілер операцияны жоспарлау, арнайы барлауды ұйымдастыру, жақын ұрыстар мен қалалық жағдайдағы ұрыс қимылдарын жүргізу, ғимаратқа шабуыл жасау мен объект күзетін жою бойынша тактикалық эпизодтарды орындауға тартылды.
Сонымен бірге оқу-жаттығу шеңберінде акустикалық жүйесі бар кешенді симуляторларда әскери-медициналық дайындық сабақтары өткізілді. Ұрыс алаңында алғашқы медициналық жәрдем көрсету мен жаралыларды эвакуациялау кезіндегі іс-қимылдар пысықталды.
Оқу-жаттығу шеңберінде «Аэродинамикалық құбыр» тренажеры мен виртуалды бағдарламалық кешендерде парашютшілерді даярлау ұйымдастырылды.
Өткізілген маневрлердің негізгі мақсаты – гибридтік қауіп-қатерлер жағдайында серіктес елдердің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің арнайы операцияларды жүргізу кезіндегі тәжірибесін бөлісу.
Фото : gov.kz