Қазақстан Әзербайжанмен арадағы салыққа қатысты хаттаманы ратификациялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжанмен арадағы қосарланған салық салуды болдырмауға қатысты хаттамаға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы «1996 жылғы 16 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңнын мәтіні баспасөзде жарияланады.