Қазақстан Әзербайжанмен автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Қазақстан Әзербайжанмен автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялады

 Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.