Қазақстан Азиада паралимпиада ойындарында бұрын-соңды болмаған үздік нәтижелер көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Азиаданың паралимпиада ойындарында бұрын-соңды болмаған үздік нәтижені көрсетті, деп хабарлады sports.kz.

Қазақстан Азиада паралимпиада ойындарында бұрын-соңды болмаған үздік нәтижелер көрсетті

Біздің спортшыларымыздың қоржынында жеті алтын, алты күміс және он бір қола жүлде бар. Медальдардың ең көбін - 20 медальді суда жүзушілеріміз иеленді. Зүлфия Ғабидуллина мен Дмитрий Ли ойын чемпиондары атанды. Жоғары орынға Әнуар Ахметов үш рет көтерілді, тағы екі алтын жүлдені эстафеталық команда әкелді. Айта кетейік, медальдардың ең көбін қытай спортшылары алды, олардың есебінде 317 марапат бар. Ал екінші орында Оңтүстік Корея тұр. Үздіктер үштігін жапондықтар тұйықтады.