Қазақстан Азиаданың сегізінші күні 6-орынға жылжыды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтіп жатқан V Азия ойындарында қазақстандық спортшылар үш жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

Жарыстың сегізінші күнінде қазақстандық спортшылар үш медальға қол жеткізді. Алтынды Павел Воржев, күмісті Артем Захаров (екеуі де велотректен), қоланы Әуезхан Құрбанқұлов (белбеу күрестен) иеленді.

Жалпы медаль саны бойынша Қазақстан құрамасы 49 жүлдемен (15-13-21) алтыншы орында келеді.
Үздік үштік қатарында, Түрікменстан - 193 (77-54-62), Иран - 77 (19-15-43), Өзбекстан - 89 (16-26-47) тұр.

Соңғы жаңалықтар
Референдум