Қазақстан Азия чемпионатында 7 боксшыға «алтын» алады деп үміт артып отыр

АММАН. ҚазАқпарат – Амманда (Иордания) өтетін 2022 жылғы Азия чемпионатының жеребе тарату рәсімінде әр салмақта рейтинг бойынша ең мықты деген боксшылар іріктелді және олардың барлығы да жеңістен бірден-бір үміткер болып саналады. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Азия чемпионатында 7 боксшыға «алтын» алады деп үміт артып отыр

Қазақстанның ерлер құрамасында турнирге қатысатын 13 боксшының жетеуі өз салмағы бойынша рейтингте көш бастап тұр, яғни бұл боксшылар «алтыннан» басты үміткерлер деген сөз.

Салмақ дәрежелері бойынша көш бастап тұрған спортшылардың тізімі: Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұт Сабырхан (54 кг), Серік Теміржанов (57 кг), Саматәлі Төлтаев (60 кг), Санатәлі Төлтаев (63,5 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг).