Қазақстан Азия чемпионатында баскетболдан сегізінші орында
АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - Баскетболдан Қазақстанның ерлер құрамасы Азия чемпионатындағы кездесуін аяқтады, деп хабарлайды Sports.kz.
Жетінші орын үшін өткен кездесуде Маттео Боничиолли баптайтын топ Иорданияға 59:88 есебімен жол берді.
Еске сала кетсек, осыған дейін Таиланд, Бахрейн және Үндістан командаларын үш рет жеңсе, екінші раундта Қытай, Корея және Ираннан ұтылды, ширек финалда қазақстандықтар филиппиндіктерге есе жіберді.