Қазақстан Азия даму банкімен Қарыз туралы келісімді ратификациялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР мен Азия даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 және 6-дәліздерін қосатын «Ақтобе - Мақат» автомобиль жолын реконструкциялау жөніндегі жоба) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мәтіні баспасөзде жарияланады.