Қазақстан Азия мен Еуропада қауіпсіздік үдерістері мәнін үйлестіруді көздейді - Е. Қарин
Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин осылай мәлім етті.
«Солтүстік-Оңтүстік» желісі бойынша диалогты дамыту аясында Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ға бірқатар азиялық интеграциялық құрылымдармен тығыз өзара қарым-қатынастарды орнатуды ұсынған болатын», - деп тоқталды Е. Қарин Астанадағы «Хельсинки қорытынды актісінің (1975) жəне Астанадағы Саммиттің (2010) мерейтойына арналған ЕҚЫҰ жетістіктері мен қатерлері» атты халықаралық конференцияда.
Осы орайда бұл тұрғыда бірінші кезекте Қазақстанның бастамасы бойынша Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) құрылғанын атап өтті.
«Өткен жылы осы ұйымдағы төрағалық Қытайға ауысқан болатын және 2014 жылдың мамырында Шанхайдағы Саммитте сөйлеген сөзінде ҚР Президенті ЕҚЫҰ-ға ұқсас Азияда қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша ұйым құру идеясын қарастыруды ұсынды. Бұл ұйымды құру идеясын ұсынып және дамыта отырып, Қазақстан Азия мен Еуропада қауіпсіздік үдерістері мәнін үйлестіруді көздейді», - деп түйді Е. Қарин.