Қазақстан Азия Пара ойындарында садақ атудан алғаш рет күміс медаль еншіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Ерлер арасындағы W1 класы бойынша жұптық сында қазақстандық спортшылар Темірлан Сейітқамал мен Нұршат Төлеуқасым финалда Қытай құрамасымен кездесті.

Қазақстан Азия Пара ойындарында алғаш рет пара садақ атудан күміс медаль еншіледі
Фото: t.me/parateamkz

Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, шешуші бәсекеде қарсылас команда 6:0 есебімен жеңіске жетіп, Қазақстан спортшылары күміс жүлдегер атанды.

Қазақстан Азия Пара ойындарында алғаш рет пара садақ атудан күміс медаль еншіледі
Фото: t.me/parateamkz

Финалдық кездесудің үш сеті 37:31, 35:32 және 37:35 есебімен Қытай құрамасының пайдасына аяқталды.

Бұған дейін отандық пара велошабандоздар Азия ойындарында екі алтын жеңіп алғанын жазғанбыз.