Қазақстан Азиялық-Тынық мұхиттық өңірдегі энергия экспортының орталығы бола алады - АЭФ

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Азиялық-Тынық мұхиттық өңірдегі түрлі энергия экспортының орталығы бола алады. VI Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция аясында БҰҰ «Баршаға арналған орнықты энергетика бастамалары» қоры жөніндегі кеңесші Серж Мартин осылай мәлім етті.
None
None

Сарапшының айтуына қарағанда, Қазақстан инвесторлар мүмкіндігі үшін жақсы жағдайлар қалыптастыруда. «Сонымен қатар, Қазақстан екі үлкен басымдыққа да ие. Олар: табиғи ресурстардың бай портфелі, және Еуразия құрлығындағы стратегиялық орналасуы. Сондықтан да, Қазақстанды ең алдымен «қажетті нарықтың қажетті уақытында» орналасқанын айтқым келеді. Азия мен Тынық мұхиты аймағы 2050 жылға қарай бүкіл әлем экономикасының жартысын уыста ұстайды», - дейді С. Мартин.

Оның сөзіне қарағанда, бағалаулар бойынша 2030 жылға қарай Азиялық-Тынық мұхиттық өңірде жаңа энергетикалық инфрақұрылымдарға 6 трлн. доллардан астам инвестиция талап етіледі. «Сондықтан да, бүгінгі мемлекеттердің басым бөлігі армандайтын энергияның барлық түрлеріне иелік етіп отырған Қазақстан аталған инвестицияның айтарлықтай бөлігін иемденуіне мүмкіндік баршылық», - деді С. Мартин.

Соңғы жаңалықтар